MOOC – оқу материалдарына ТЕГІН қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық онлайн курстар. MOOC бірқатар артықшылықтарға ие:

  • Курстар қаржылық және демографиялық жағдайына қарамастан барлығына қолжетімді.
  • Икемді курс кестесі, сіз қазір бастай аласыз және өз қарқыныңызбен оқи аласыз.
  • Басқа елдердің университеттерінің оқытушыларымен тәжірибе алмасу.
  • Жетекші әлемдік сарапшылардан білім алу мүмкіндігі.
  • Қазіргі, өзекті тақырыптар бойынша әртүрлі курстар.

              

               Қазақстанда «Coursera Қазақ тілінде» бағдарламасы қолжетімді, оның аясында біздің студенттер әлемнің жетекші университеттерінің қазақ тіліне локализацияланған курстарынан өте алады. Бағдарламаға 3 жыл қатысу барысында біздің университеттің 6000-нан астам студенті платформада оқып, 7000-нан астам сертификат алды.

                Сондай-ақ студенттер мен барша қалаушылар үшін Дулати Университеті өзінің МООК платформасын — moocs.dulaty.kz іске қосты, онда әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша 60-тан астам онлайн-курс орналастырылған.

               Әрбір сертификат — жаңа білімге, мүмкіндіктерге және кәсіби өсімге бастайтын қадам. Болашақ сіздің қолыңызда!


Scroll to Top